НОВОСТИ

Logitrans TransLogistica Kazakhstan 2023 көрмесіне қатысты

Logitrans компаниясы Қазақстан көлік апталығы аясында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында алғаш рет өткен 26-шы Қазақстандық «Көлік және логистика» халықаралық көрмесі — TransLogistica Kazakhstan 2023 көрмесіне қатысты.

2023 жылғы 4–6 қазан аралығында көрмеге Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Иран, Италия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Литва, Латвия, Польша, Ресей, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Финляндия және Эстонияны қоса алғанда, 17 елден 226 компания қатысты. Logitrans командасы өз стендінде серіктестермен, клиенттермен және сала өкілдерімен кездесулер өткізді.

TransLogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі көптеген жылдар бойы көлік-логистика компаниялары, теңіз порттарының әкімшіліктері, теміржол ұйымдары, арнайы экономикалық аймақтар, техника мен жабдық өндірушілері мен жеткізушілері, сондай-ақ салаға арналған IT-шешімдерді әзірлеушілер үшін маңызды алаң болып келеді. Көрмеге қатысу ынтымақтастықты дамытуға, бизнесті кеңейтуге және Орталық Азия өңірінде жаңа жобаларды іске қосуға кең мүмкіндіктер ашады.

Logitrans үшін TransLogistica Kazakhstan 2023 көрмесіне қатысу компанияны таныстыру, іскерлік байланыстарды нығайту және логистика нарығындағы өзекті мәселелер мен үрдістерді кәсіби қауымдастықпен талқылау үшін маңызды мүмкіндік болды.

Іс-шара дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Қазақстан Республикасының Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының, KAZLOGISTICS Қазақстан көлікшілер одағының, сондай-ақ Қазақстан тасымалдаушылар мен вагон операторлары қауымдастығының қолдауымен өтті.

Следующая запись
TransLogistica Kazakhstan 2025 халықаралық көрмесі